Білім

Себепсіз сабақ босатқандар айып төлейді

 

 

 

85 жылдық тарихы бар медицина колледжі бүгінде 7 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Оқу ошағы 20 мыңнан астам түлекті қанат қақтырыпты. Шәкірттеріне сапалы білім беріп, білікті маман әзірлеу – ұстаздардың басты назарында. Өйткені ертең адамдардың денсаулығын сақтау, түрлі кеселдің алдын алу, сырқаттарды мына өмірге қайта оралту бүгінгі студенттердің қолында болмақ. Тақырыпты жете түсінбеу – келешекте дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруі мүмкін. Болашақ медицина саласы қызметкерлерінің себепсіз сабақ босатуын доғару үшін білім ошағы бірқатар шараларды қолға алған.

 Гүлзада Нәбиева, Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің мұғалімі:
-«ҚР «Білім беру Заңының» 27 маусым 2007 жылғы №319 -3 сәйкес және «Білім беруде көрсетілетін қызмет шартының» 7 тармағына сәйкес СҚ медицина колледжінде коммерциялық топтарда сабақты себепсіз босатқан және төмен баға алған, яғни «екілік» алған оқушылар қосымша сабақты ақылы өтеулері тиіс.

Жаңа шешім бойынша себепсіз 1 сабақ босатқан шәкірт 300 теңге төлейді. Әрі сол күні өткен тақырып бойынша мұғалімдердің сұрақтарына дұрыс жауап беріп, жақсы баға алуы тиіс. Бұл жыл басында студенттердің ата-аналары қол қойған оқу келісімшартында да көрсетілген екен.

Гүлзада Нәбиева, Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің мұғалімі:
Кейін ата-аналар жиналысын өткізіп, осы құжатпен ата-аналар толық танысады. 2 жақты қол қойылып іске асырылады. Сонымен қатар жуырда тағы іске қосылатын заманауи жетістіктеріміздің бірі – электрондық портал. Ертең эллектрондық портал арқылы ата-аналарымыз оқушылардың сабаққа қатысып, қалай меңгеріп жатқандығын көру мүмкіншілігі туады.

Заңды түрде іске қосылған мұндай шешімді болашақ мамандар да құптап отыр.

Қосымша сабақ үшін ақша төлеуіміз дұрыс деп ойлаймын. Белгілі бір себеппен босатқандар, төлемейді.
Сабақты босатқандар, ертең науқастарды қалай емдемек?! Олар қалай емдеу керектігін де білмейтін шығар. Сондықтан босатқан сабақ үшін ақша төлеу шешімінің қабылданғаны дұрыс.
Сабақты босатпау керек. Өйткені біз болашақ медицина саласының қызметкеріміз. Қателеспеуіміз керек. Сабақты көп босатқандар оқудан шығарылады. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын.

Айдана Демесінова