Қоғам

Іскер әйелдер “Ажар” байқауына әзірленіп жатыр

 

 

 

«Ажар» республикалық байқауы 2 кезеңде өтеді:  өңірлік және республикалық. Іскер, белсенді нәзік жандар 10 аталым бойынша бағын сынамақ. Үміткерлердің арасынан үздікті таңдау үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл сында жеңіске жету үшін қатысушылар белсенді болуы тиіс.

 Бақытжан Сәмиева, облыстық «Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы:
– Өзіміздің облыста 7-ноябрьде біз өзіміздің форумымызды өткіземіз. Сол форумда делегаттарды шығарамыз. Саммитке қатысатын азаматшалардың жұмыстары жақсы болуы керек. Бизнесте, мемлекеттік жұмыста бірінші болу керек ол. Тек қана жұмыс емес, жүрегі ашық болу керек. Әке-анасы жоқ балаларға көмектесу керек. Көпбалалы аналарға, кәрілерге көмектесу керек.

Ынталы нәзік жандардың өтініштері қабылданып жатыр. «Ажар» байқауында 1-орынға үміттеніп отырғандардың бірі – Шынар Біләлова  қаржы саласы аталымында мүмкіндігін көрсетпек. Ол 9 жыл қатарынан «Есіл» несиелік серіктестігінде басқарма төрайымы болып қызмет етіп келеді. Ал іскер әйелдер қауымдастығының мүшелігіне кіргелі 5 жыл өтті. Үміткердің бағындырған белестерін комиссия саралайтын болады.

 Шынар Біләлова, облыстық«Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ мүшесі:
9 жылдың ішінде біздің жарғылық капиталымыз 15 есе өсті. Аграрлық секторды қаржыландырумен айналысамыз. 10 жыл болды құрылғанымызға. Осы 10 жылдың ішінде кредитті беру лимитіміз 1 млрд-тан астам.

Үшінші Еуразиялық әйелдер саммиті қарашаның 21-і Астана қаласында өтеді. Ал республикалық «Ажар» байқауында өңіріміздің намысын қорғайтын нәзік жандардың есімі қарашаның 7-сі белгілі болмақ.

Айдана Демесінова