Спорт

Баскетболдан жолдастық кездесу

 

 

Түмен қаласының мемлекеттік аграрлық университетінің құрамы оңай шағылар жаңғақ емес. Өз өңірінің бірнеше дүркін чемпионы. Солтүстік Қазақстан студенттерінің “Барс” құрамасы да еліміздің ұлттық лига ойындарының үздік 5-не еніп жүр.

Дмитрий Брютов, Түмен мемлекеттік аграрлық университеті құрамасының капитаны:
-Біз әрине әр ойынға тек жеңіс үшін шығамыз.
Солтүстік Қазақстанға осы мақсатпен келдік. Бастысы шеберлік алмасып, тәжірибемізді шыңдау.

Андрей Сурнин,  “Барс” студенттер құрамасының капитаны:
Алда ҚР чемпионаты келе жатыр. Байрақты жарысқа дайындалатын тамаша мүмкіндік. Бұл сында кімнің мысы басатынын кездесу көрсетеді.  

Екі өңірдің намысын арқалап жеңістен дәмелі болған қос қарсылас өткір шабуылдармен бірінен соң бірі себетті босатпай қойды. Дегенмен алғашқы 10 минуттықта жергілікті команда сыр беріп, қонақтарды алға жіберіп алды. Келесі бөлікте петропавлдықтар есеп айырмасын теңестіріп қана қоймай, ұпайларын еселеп үлгерді. Ұрыспай беріспейміз деген түмендіктер ойын соңына дейін жағдайларын түзеуге әрекеттенді. Алайда бар мүмкіндікті қалт жібермеген «Барс» 101-89 есебімен ойынды жеңіспен аяқтады.

Жеңіс Ермұқанов