Қоғам

Жемқорлыққа қарсы күрес және БАҚ


 

Парақорлық  жақсылыққа апармайды. Қоғамда осындай ойды қалыптастыруда БАҚ-тың рөлі жоғары. Сондықтан да бүгінгі жиынға төртінші билік өкілдерінің қоғамдық індетпен күресу бағытындағы материалдары талқыланды. Жемқорлықтың тамырына балта шабу мақсатында 129 материал БАҚ-да жарық көрген екен. Осы және қолға алынған өзге де шаралардың нәтижесі жаман емес. Соңғы жылдары өңірімізде жемқорлықтың орын алу көрсеткіші біршама төмендеген. Мәселен, өткен жылы сыбайлас жемқорлықтың 66 фактісі тіркелсе, биыл оның саны 43-ке жетті.

 Сергей Худяков, «СҚО Азаматтық альянс Ассоциациясының» ЗТҚ төрағасы:
– Бізде жемқорлыққа қарсы тұру бағытында «Нұр Отан» ХДП мен қаржы полицейлері арасында тығыз қарым- қатынас орнады. Осылайша барлық қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері жұмылып, мәселені шешуге талпынуы қажет. Біріккен жұмыс өз нәтижесін берері сөзсіз.

Жиынның мақсаты – семинарға қатысқан БАҚ өкілдерінің аталған мәселе бойынша шеберліктерін арттыру. Бұл шара теориялық және тәжірибелік кезеңдерден құрылған.

 Марат Омаров, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы:
– Осы жылдың сәуір-маусым айларында «Жаңғырту мен жемқорлық – үйлеспес ұғымдар» науқанының 1-кезеңін өткіздік. Міне 2-ші кезеңін бастап отырмыз. Ол жемқорлыққа қарсы үлкен форуммен аяқталады. Осы форумда науқан аясында жарияланған байқаулардың, атқарылған істердің қорытындысы шығады.

Айдана Демесінова