Қоғам

“Рухани келісім – табысты Қазақстан”

 

Бұл тұста өзгеге үлгі боларлықтай бірлігі жарасқан қазақ елінде соңғы уақытқа дейін терроризм алыстағы қауіп-қатердің бір бұлыңғыр елесі сияқты қабылданып келетін. Алайда жуық арада еліміздің оңтүстігі мен батысында орын алған келеңсіздіктер зұлымдықтың бізге де ащы тырнағын батыра бастағанын мойындатады.

 Әбу-Бәкір Қарменов, СҚО дін істері жөніндегі департаментінің бас маманы:
– 1992 жылы Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып дін туралы заң қабылдады. Онда елімізде ислам мен христиан негізгі діндер болып танылды. Бүгінде облысымыздың өзінде 20-дан артық діни бірлестіктер бар. Қазір олар аттестациялаудан өтуде. Істерін заңдастыру теріс ағымдарды уағыздамаудың қамында жасалып жатыр.
Бүгінде өңірімізде ынтымақтастық пен ұлтаралық рухани келісім орнағанын сеніммен айта аламын.  

Бір шаңырақ астындағы халық үшін қазір ең басты құндылық – елдің тәуелсіздігі. Егеменді ел – ұлттардың ауызбіршілігі мен дінаралық келісімімен күшті. Лаңкестердің жүгенсіздік әрекеттерінен талай  мемлекеттердің тыныштығы кетіп, берекелі бейбіт тірлігіне өшпес сызат түсуде. Көп жағдайда теріс ағымның арбауына   жастар түсіп жататыны жасырын емес. Жиынға қатысушыларға діни экстремизмнен аулақ жүруге шақыратын үн-парақтар таратылды.

Жеңіс Ермұқанов