Осыдан 3 жыл бұрын қымыз және шипалы балшықпен емдейтін орталықтың құрылысы қолға алына бастап еді. Міне, бүгінде ғимарат қолданысқа беруге әзір тұр. 4 қабатты орталықтың ішінде бәрі бар. Астыңғы қабатта қымыз бен шипалы саз балшықпен емдеу бөлімі орналасқан. Емге қажет сусын мен шипалы балшық Мамлют ауданынан әкелінеді дейді “Арқалық” ШҚ басшысы Нағашыбай Барлыбаев. Ал шағын маркетте еттен бастап сүт өнімдері, т.б. азық-түлік сатылмақ. Үшінші қабаты мейрамхана. 100 орынға шақталған. Мұнда той-думандарды өткізуге де болады. Және мұндағы өнімдердің бәрі зауыт бағасымен сатылады дейді шаруашылық жетекшісі.Соңғы қабаты студенттерге арналған вип-зал. Бір айта кететіні мұнда алкогольді өнімдер мүлде сатылмайды. Орталықты салуға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының 3-ші бағыты бойынша Нағашыбай Барлыбаев 35 миллион теңге несие алыпты. Бүгінде бұл қаражаттың тең жартысын өтедім дейді ол. Бұл орталық қарашаның басында ашылады деп жоспарлануда. 30 жаңа жұмыс орны да пайда болады. Енді екі қолына бір күрек іздегендердің қатары аз да болса кемімек.
Гүлбану Ахметова