Ауыл шаруашылығы

Петропавлда жылқылар таңбаланып жатыр

 

 

Ішіне сұйық азот құйылған ыдыс пен нөмірлер белгіленген арнайы құралдар дайын. Енді осы сандарды жылқыға таңбалау қалды. Мамандар үшін бұл үйреншікті жұмыс. Жануарға да қауіпсіз. Бар болғаны 1 минуттан соң «Майка» есімді жануарға 99042 нөмірі таңбаланды.

 Еламан Қожахметов, ветеринарлық дәрігер:
Табында табуға да ыңғайлы. 1 жарым айдан соң, сандар анық көрінеді. Ешқашан кетпейді.

Мамандар қаладағы 81 жылқыға осындай таңба салуды жоспарлап отыр. Бір күнде 30-ға жуығы жеке нөмірге ие болуда. Қызмет тегін. Тек жылқының түрі, жасы мен бірдейлендіру саны жазылған құжат үшін не бары 30 теңге төлеу қажет.

Ибраим Көрпенов, Петропавл қалалық ветеринарлық станциясының директоры:
Жылқылар сатылады, жоғалады, сол кезде де тиімді. Бірден нөмірімен тауып емдейміз.

Жылқыларына сандарды бастырып, таңбалауға ниет танытушылар болса, тізімге енгізуге дайынбыз дейді мамандар. Шара 3 күнге жалғаспақ.

Инеш Шоқақова