Қоғам

Өңірлерді дамыту – басым бағыттардың бірі

 

 

 

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің аймақтарды дамыту комитетінің құрылғанына бір-ақ жыл болған. Осы уақыттың ішінде жаңа ведомство түрлі салалық бағдарламаларды үйлестіріп үлгерген. Болашағы бар өміршең ауылдарға қолдау жасап, жаңа дем беруге септесіпті. Облысымызға ат басын тіреген комитет мамандары Елбасының бастамасы өңірімізде қаншалықты жүзеге асып жатқанымен танысуға арнайы келіпті.
Бағдарлама бойынша біздің өңірде әр ауданда болашағынан зор үміт күттірер 3 елді мекен айқындалған. Халқы өзгелерінен тығызырақ шоғырланған, экономикалық әлеуеті басымырақ   39 ауыл таңдалыпты. Биыл оларды қаржылай қолдауға 46 млн теңге бөлінген. Бұл сомаға заңсыз қоқыс алаңдарын жою, абаттандыру, жылу жүйелерін жөндеу сынды 70 жоба қолға алынды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы 960 млн теңгеге Саумалкөл және Бескөлде жылу қазандығын салу, Новоишим ауылында тұрғын үйлерге электр жарығын тарту жұмыстары атқарылуда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров бұл мүмкіндікті барынша пайдаланып қалу керектігін алға тартты. Жиынға қатысушылар игі істі жүзеге асыру үшін бірқатар жаңа жобалар ұсынды.  

Материалды «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының тілшілері әзірледі.