Құқық қорғау органдары

Көлік иесі сенімхатын жол полициясында тіркей алады



Автокөлік иесі мен сенімхат берілетін адамның жеке куәліктерінің нөмірлері, тұрғылықты мекен-жайы және көлікті есепке алу туралы мәліметтер. Сенімхат ресімдеуге қажетті құжаттар тізімі осындай. Және де барлық қызмет тегін.

Қайролла Нұрышев, СҚО ІІД ЖПБ бөлімі бастығының орынбасары:
Соңғы кездері азаматтардан көлік жүргізуге арналған құжаттарды ресімдеуге байланысты біраз өтініштер түсуде. Сондықтан бұл үрдіс жеңілдетіліп отыр. Тұрғындар үшін қолайлы болмақ.

Автокөлік иесі үлгі бойынша сенімхатты өз қолымен жазып, 10 күн ішінде Жол полициясы басқармасында тіркей алады. Дегенмен бұл айтарлықтай жаңашылдық емес.

Қайролла Нұрышев, СҚО ІІД ЖПБ бөлімі бастығының орынбасары:
ҚР Азаматтық Кодексі 167 бабының 1-тармағына сай екі жақтың келісімі болса, автокөлікке сенімхат жазу үшін нотариаттық кепілдендіру қажет емес. Бірақ бұл құжатты нотариусқа барып та ресімдеуге болады.

 Инеш Шоқақова