ТКШ

Жылу энергиясын үнемдеу туралы дөңгелек үстел

 

 

Жылу энергиясы қымбат және есепке алуға қиын энергоресурс. Соның салдарынан оны есептеу құралдары да күрделі әрі қымбат. Дегенмен құрылғылардың негізгі басымдылығы – үнемділікте. Олардың арқасында жылу мен ыстық судың төлемдері едәуір азаймақ. Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің 22 пайызы ғана жалпыға ортақ жылу энергиясының есепке алу құрылғыларымен қамтылыпты.

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:
– Халық үнемдеу құралдарын орнатқысы келеді. Дегенмен орнататын кәсіпорындар үлгермей жатыр.
Түсінбестіктер болуда. Сол үшін осындай жиын өткізіп жатырмыз.

Жиында есептегіш құралдарын орнатуға қажетті құжаттарды әзірлеуді жеңілдету жайы сөз болды. «Эталон» ЖШС бұл салада 1997 жылдан бері. Кәсіпорын директоры Тұрар Қасымбеков соңғы уақытта құрылғыларды орнату бәсең жүргізілуде дейді. Қажетті құжаттар жасауға 3 ай қажет. Бұл кәсіпорын үшін де, тұрғындар үшін де тиімсіз.

  Тұрар Қасымбеков, «Эталон» ЖШС директоры:
Биыл жобалық құжаттары даяр болмағандықтан аз орнатылды. 3ақ үйге қойылды. Кейбіреулері бірден төлейді. Енді бірі бөліп төлейді.

ПИК өкілдерінің ойы да арнайы құрылғыларды орнату үрдісін жеңілдету қажет дегенге саяды. Олар бұл мерзімді 1 айға дейін азайтуды сұрап отыр.

Инеш Шоқақова