Спорт

Жас балуандар олжасы

 

 

Қазақ халқы қашанда күрес десе, ішкен асын жерге қойған. Оның ішінде ерекше айла-тәсілді талап ететіні грек-рим күресі. Аманғали Бекболатовтың спорттың бұл түріне ден қойғанына не бары 2 жыл. Соның өзінде спорт шеберіне үміткер дәрежесіне жетіпті. Енді міне 46 келі салмақ дәрежесіндегі ел чемпионы.

Аманғали Бекболатов, грек-рим күресінен республика чемпионы:
Осы жолы қарсыластарым мықты болды. Бірақ бұрын жеңілгендерімді жеңдім. Финалға барынша дайындалдым.  

Жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен республикалық турнир ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Бахтияр Байсейітовтың жүлдесі үшін өткізілген. Оған өңірден 15 спортшы қатысыпты. Нәтиже: 2 алтын және 1 күміс алқа.

Ғалым Өркешов, облыстық балалар мен жасөспірімдер спорттық күрес мектебінің директоры:
Оқушылар «Жеңіс» , күрес спорт мектептерінде, спортинтернатта және Мамлют ауданының Бексейіт ауылында жаттығады. Қуандық Мират 54 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.  Облыс спортшылары жақсы өнер көрсетті.  

Мектептің Қызылжар аудандық филиалында 30-дан астам оқушы дайындалуда. Күн сайын тынымсыз еңбектену қажет. Өз табандылығымен бірден көзге түскендердің бірі – Аманғали Бекболатов дейді жаттықтырушысы.

Манап Нұрғожин, облыстық балалар мен жасөспірімдер спорттық күрес мектебінің бапкері:
Ол 1 жылдан соң талай жарыстарда жеңіске жете бастады. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейде де өнер көрсетті.  

«Парасат» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Аманғали өзге оқушылар үшін үлгі десе де болады. Ол спортпен қатар сабақтарына да аса көңіл бөлетін бала. Дегенмен өзінің болашақ мамандығын спорт саласында көреді екен.

Инеш Шоқақова