Білім

Түлектер көмегімен №4 мектеп туралы кітап шықты

 

 

Бұл кітап №4  орта мектептің күллі ұжымы үшін үлкен сыйлық болды. Кітапта аталған білім ұясының 25 жылғы қызметі қамтылыпты. Авторы – осында кезінде ағылшын тілі пәнінен сабақ берген, бүгінде ардагерлер кеңесінің төрайымы Надежда Литвинова.

Надежда Литвинова, ардагерлер кеңесінің төрайымы:

– Кітапта мектеп қабырғасы қаланған 1974 жылдан бастап 98-ші жылға дейінгі ұжым өмірі жазылған. Мен осы уақыт аралығында қызмет еткен болатынмын. Еңбегім қызықты шыққанына сенімдімін. Барлық мұғалімдер мен түлектер жайлы мәліметтерді барынша жинақтадым.

Ардагер ұстазға алғашқы түлектердің бірі Юрий Коцарь қаржылай көмек берген. Кәсіпкер осындай зор қолдауымен сүйікті мүғаліміме өз ілтипатымды таныттым дейді.

Юрий Коцарь, № 4 мектептің 1981жылғы түлегі, жеке кәсіпкер:

Кітапты басуға көмек көрсеткенімді өзімнің парызым ретінде ұқтым. Туынды таралымы – 200 дана. Қазір тек Қазақстан мен Ресейде ғана емес, алыс шетелдерге де тарап кетті.

Негізі өткен оқу жылы №4 орта мектеп үшін жемісті болыпты. Оқушылары биік білім белесінен көрініп мұғалімдерінің еңбегін ақтаған.

Елена Морозова,  №4 орта мектеп директорының орынбасары:

Бізде 685 оқушыны 62 мұғалім оқытады. Оқытушылардың дені бірінші санаттағы мамандар. Сабақ барысында үнемі тың технологияларды қолдану арқасында балаларға сапалы білім береді.

Мұғалімдер күні мейрамын атап өтуге келген қонақтарды бүлдіршіндер де құттықтап, өз өнерлерін көрсетті.

Данаш Хамзина