Мәдениет

Қалалық КТК чемпионаты

 

 

Көңілділер мен тапқырлардың ойынын тамашалауға келгендердің қатары қалың. Бірі жанкүйерлік етсе, енді бірі көңілдерін көтеруге жиналған. Әзілқойлардың сынында колледж студенттерінен жасақталған нәзік жандылар да болды. Бұрымдылар дайындап келген қалжыңдарымен жұртты баурап алуға тырысты. Сәлемдесу, үй тапсырмасы және сұрақ-жауап. «Жаңа дәуірдің студенттері» тақырыбында әзілқойлар қала әкімінің кубогын иемдену үшін барын салды. Мәселен, Омбы қаласынан келген «Хорошие» клубының өкілдері өңірімізде ұйымдастырылып тұратын КТК ойындарын қалт жіберіп көрген емес. 1 ай бойы тынымсыз дайындалып, бас жүлдені жеңіп алуға тырысамыз дейді олар. Қала әкімінің кобыгын 12 команда сарапқа салды.

Евгений Пеньков, «Поиск молодых и здоровых» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
-Бұл жолы КВН-ге Тараз, Астана, Омбы, Қостанай қалаларынан келіп отыр.
Финал қараша айының соңы немесе желтоқсанның басында өтпек. Қуантарлығы өңіріміздің мектеп оқушылары, ЖОО студенттері қатысып отыр. Жыл санап КТК ойыншыларының қатары арта түсуде.

Көрермендер әзілқойлардың қалжыңдары көңілімізден шықты дейді.

Бүгінгі ойын маған қатты ұнады.
Бүгінгі КВН жақсы өтуде. Осындай КТК ойындарын әрі қарай дамытып, жыл сайын өтіп тұрса деген ойдамын.

КТК ойындарының күзгі маусымының қорытындысы бойынша қала әкімі Болат Жұмабековтың кубогын Қостанай қаласының “Позитив” командасы жеңіп алды. Екінші орында -омбылық “Хорошие”, ал  үздік үштікті Ішкі әскерлерді  Петропавл Әскери институтының құрамасы тұйықтады.

Гүлбану Ахметова