Спорт

Облыста жасөспірімдер арасында каратэ-додан республикалық турнир өтті



 

Катартэ-додан сынға түсуші спортшылардың қатары жыл санап артып отыр дейді ұйымдастырушылар. Бірі бас жүлдеге ие болғысы келсе, кейбір спортшылар халықаралық жарыстарға жолдаманы ұтып алсам дейді. Біржан Қаболлаев та алтыннан алқа тағынсам деген арманын арқалай келіпті. Жалпы Астана қаласының намысын 12 спортшы қорғауда. Әзірге нәтижелері жаман емес.

  Біржан Қабдоллаев, жарысқа қатысушы, Астана қаласы:
Бұған дейінгі катада жеңіске жеттім.

Ал Екатеринбург спортшысы Константин Харин каратэмен 5 жылдан бері айналысады екен. Не бары 12 жастағы спортшы жеңіске жететініне нық сенімді.

Константин Харин, жарыса қатысушы, Екатеринбург қаласы:
Маған спорттың бұл түрі өте ұнайды. Көп жаттығып жарыстарға шығып жүрмін. Қайтсем де, бас жүлдені иемденемін деп ойлаймын.

30 бен 35 кг салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан петропавлдық спортшы Қазыбек Өзбеков өзінің қарсыласын 9-2 есебімен жеңді.

  Қазыбек Өзбеков, жарысқа қатысушы:
Мен бүгін жеңдім. Ол қиындыққа соқты. Мен бәрін жеңемін деп мақсат қойып отырмын.  

16 кубок, 120 медаль және 12 сыйлық сарапқа салынды. Жалпы ұйымдастырушылар каратэдодан республикалық дәрежедегі  жекпе-жек  биыл бірінші рет өтуде дейді. Оны болашақта дәстүрге айналдыру да жоспарда бар.

 Асхат Сақыпкереев, жарыстың бас төрешісі:
– Биыл осы жарысқа Астанадан, Теміртаудан, Қарғандыдан 8 жастан 17 жасқа дейінгі спортшылар келді. Ката, кумите, сосын командалық жарыс.

Ел турнирінде 100 спортшы бағын сынады.

Гүлбану Ахметова