Мәдениет

Америка киносының фестивалі

 

 

«Новый свет» кинотеатрында көрсетіліп жатқан фильм өзгелерге ұқсамайды. Өйткені ол көрермендерге таза ағылшын тілінде ұсынылып отыр. Түсінбеген жерін субтитрда берілген орысша аудармасынан оқып алуға болады. «Безумствие в танцевальном зале» деп аталатын   деректі фильмде Нью-Йорк мәдениетінің сан алуан түрімен танысуға болады. Жалғыз бұл өнер туындысы ғана емес, өзгелер де америкалықтардың шынайы болмысын көрсетіп, олардың мәдениеті мен өмірінен сыр шертеді. Америкалық деректі фильмдерден құрылған бұл бағдарламаға осыған дейін астаналықтар тәнті болған екен.

Кейт Кэтцер-Ходсон, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі:
Америка киносының фестивалі Қазақстанда осымен 2-ші жыл ұйымдастырылып отыр. Астана қаласында деректі фильмдерімізді көрсеттік. Петропавлдан кейін Шымкент пен Алматы қалаларына аттанамыз. Қазақстандықтар үлкен қызығушылық танытуда. Фильмнен кейін сұрақтар қойып жатады.

Америкалық фильмдерді тамашалауға келгендердің қатары аз болмады. Кейбіреулері кинофестиваль аясында ұсынылған әрбір картинаны қалт жібермеген көрінеді. Солардың бірі – Карина Халиуллина.

Карина Халиуллина:
Достарым осы фильмдерді көрсетуге шақырған. Барлық кинолар қызықты. Алғашқысы ковбойлар туралы болды. Олардың тұрмысында кездесетін қиындықтар жөнінде. Екіншісі психологиялық тұрғыдағы фильм. Тарих, адамдар арасындағы байланыс. Жалпы бұл фестиваль көңілімнен шықты .

Америкалық фильмдер фестивалі қазанның 5 мен 6 аралығында «Новый свет» кинотеатрында өтті. Қызметкерлер осы сынды шаралар өз жалғасын табады деген сенімде

Григорий Ермолюк, «Новый свет» кинотеатрының меңгерушісі:
Петропавлда мұндай шараларды өткізу дұрыс деп ойлаймын. Өйткені ол тұрғындар үшін пайдалы. Мұндай қонақтар қаламызға жиі келе бермейді. Алдағы уақытта осындай акцияларды ұйымдастырамыз деп ойлаймын.

Америка киносының фестивалі қазанның 14-і Алматы қаласында аяқталады

Айдана Демесінова