Қылмыс

Ірі мөлшердегі героинмен екі адам ұсталды



 

Ұсталған екі азамат бір-бірімен байланыста болған. Біріншісі 6,42 грамм есірткіні екіншісіне барып сатып алған. Ең алдымен 33 жасар Көкшетау тұрғыны ұсталыпты. Тергей келе оның нашаны Жұмысшы кентінің тұрғынынан алғаны белгілі болды. Жедел уәкілдер бірден берілген мекен-жайға барып, 43 жастағы ер адамның сарайынан 37,45 грамм мөлшерінде героин тапқан. Сонда тәркіленген жалпы есірткінің салмағы – 44 граммнан асады. Бұл “қара нарықта” 100 мың теңгеге бағаланады екен. Қазір екі азамат та қамауды отыр. Енді олар 3-тен 7 жылға дейін  және 10-нан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін. Бұл  жыл басынан бері тіркелген 15-ші оқиға. Жалпы бүгінге дейін барлығы 10 келіден астам есірткі тәркіленіген.

Данаш Хамзина