Білім

Психологтар мен әлеуметтік педагогтар байқауы

 

 

Байқауға ауданды, қалалық сыннан өткен психологтар мен әлеуметтік педагогтар қатысты. Олар енді облыстық сында топ жарсақ дейді. Расиха Жақанова Ақжар ауданындағы Ленинград орта мектебінің намысын қорғауда. Ұжым үмітін арқалай келген психолог өзінің жанұясы, оқу ордасының жетістіктері, ұстаздар  мен оқушылар  жайында слайд арқылы молынан мағлұмат беруде. Отбасының ұйытқысы, мектептің бетке ұстар педагогы мұндай шараның ұйымдастырылғаны өте қажет дейді.

Расиха Жақанова, байқауға қатысушы:
-Негізінде бұл сайыс өте жақсы ұйымдастырылған. Психологтар мұндай сайысқа бірінші рет қатысып отыр. Өзіміздің білімімізді, жетістігімізді көрсететін нағыз байқау деп ойлаймын. Бірінші кезеңде өзің туралы, екінші қысқаша тренинг.

Жалпы байқауға қатысуға 78 психолог және әлеуметтік педагог өтініш білдірген. 28-і сыннан сүрінбей өтіп, облыстық конкурсқа жолдама алған. Байқау 3 кезең бойынша өтуде. Қазылар алқасының қойған талабы да күшті.

Нұрболат Бикенов, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары:
– Әрине, әрқашанда барлығы жеңімпаз бола алмайды.Қатысушыларға тиісті сертификаттар беріледі. Жеңімпаздарға диплом.

Оңай емес сында 1-2-ші  орынға ие болғандар қазанның 20-сы өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

Гүлбану Ахметова