Білім

Медицина колледжінде оқытушыларға құрмет көрсетілді

 

 

Қоғамға аса қажетті ұстаздық пен дәрігерлік қызметтерді ұштастыра білген Солтүстік Қазақстан медицина коледжінде 50-ге тарта оқытушы бар. Дені жоғары санатты. 80 жылда орта кәсіптік білім ошағы 18 мыңнан артық білікті маманды даярлапты. Оқу үрдісінде тек озық үлгідегі тың технологиялар қолданылады.

Бақытжан Сәрсенова, Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің оқытушысы:
– Тек қана компьютер емес, инновацияны, интернетті қолданады. Тәжірибеде муляж, фонтон мен жұмыс істеп үйренеді. Манипуляцияның бәрін өтеді толық деңгейде.  

Мейірімді де парасатты, білікті де ізденімпаз болашақ ақ халатты абзал жандарды тәрбиелеуде сүбелі үлесін қосып жүргендері кәсіби мерекелерінде түрлі марапаттарға ие болды. Гүлзада Нәбиеваның білім саласында 25 жылдық еңбек өтілі бар. Ұлағатты ұстаз оның 15 жылын болашақ дәрігерлерге дәріс оқып жүр.

 Гүлзада Нәбиева, Солтүстік Қазақтан медицина колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы:
– Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтаймын. Біз бұл күнге үлкен жетістікпен келіп отырмыз. Басты мақсатымыз сапалы, бәсекеге қабілетті білім беру.  

Жылына медициналық оқу ұясынан 6 бағыт бойынша мамандық меңгерген 300-ге жуық түлек ұшып шығады екен. Олардың үштен бірі бюджеттің есебінде тегін оқытылады. Көрсеткен білімдеріне сай шәкіртақы тағайындалады. Әсіресе маман тапшылығын тартып жүрген елді мекендердегі жағдайды оңалту үшін үлкен жұмыс атқарылады. Игі істі қолдайтындардың бірі Қызылжар ауданы  Бескөл ауылының тумасы Күнсұлу Жаутаева. Оқу үздігі болашағын туған ауылымен байланыстыруды мақсат еткен.

Күнсұлу Жаутаева, Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің cтуденті:
– Қазіргі таңда ауылдық жерлерде дәрігерлер өте аз болғандықтан осы медициналық салаға өз үлесімді қосқым келеді. Медицина колледжіне түскен себебім осы. Барлық ұстаздарды мерекелерімен құттықтаймын.  

Бүгінде оқу мекемесінде 1200-ден артық студент медицинаның қыр-сырын меңгеріп жатыр. Дарынды студенттер құттықтауларын ән-жырмен жеткізді.

Жеңіс Ермұқанов