Қоғам

«Лаңкестік – көлеңкелі саясаттың қаруы»



 

Террористің психологиялық портреті қандай? Жастарға дін туралы білім жеткілікті деңгейде берілуде ме? Лаңкестікпен күресу үшін оны жіті зерттеу қажет. Сондықтан жиынға қоғамдық ұйымдар  және құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылған. Бірлесе жұмыс атқарып, нақты ұсыныстар жасау үшін.

Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ заң кафедрасының доценті:
– Дін туралы білімді жүйелендіру үшін ЖОО-да дінтану пәнін енгізуді ұсынып отырмыз.
Сонда жастар ислам, христиан діндері туралы дұрыс ақпарат ала алады.

Лаңкестік мемлекеттің біртұтастығына, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, құқығы мен бостандығын шектейді. Соңғы жылдары бұл еліміз үшін де таңсық емес дейді жиынға қатысушылар. Сондықтан азаматтарды жастайынан дінді дұрыс түсінуге үйрету қажет.

Аян Болатұлы, Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы:
– Мешітте жастарға сабақ беретін білікті мамандар бар. Әрдайым кеңес беруге әзір. Осындай жиындардың өткізілуі маңызды.

Маңызды жиынға әскери институт курсанттары, мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алды. Әркім өзін толғандырған сауалдарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Инеш Шоқақова