ТКШ

Тұрғын үйлерге жылу беріле бастады


 

«Жылыту маусымының басталуы» туралы қаулы қыркүйектің 27-сі шыққан. Осы кезге дейін облыс орталығындағы 19 және 20 шағын аудандардың, Мүсірепов, Набережная, Шухов, Мир, Алматы көшелерінде бірқатар тұрғын үй секторлары жылумен қамтамасыз етілген.

 Андрей Дубков, «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас инженері:
– Бүгінге дейін бағдарлама бойынша жылуға қосудың бесінші күні жалпы қаланың 30 пайызы, соның ішінде тұрғын үй секторының 20 пайызы жылу энергиясына қосылды. Дәл қазіргі уақытта Алматы көшесіне дейін, Жұмысшы кенті мен Вокзал аумағын жылуға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінге дейін қаладағы 435 көпқабатты және 73 жеке сектордағы үйлер, әлеуметтік маңызы бар нысандардың 93 пайызы жылу энергиясына қосылған. Әзірге қала бойынша екі нысан: Конституция көшесі, 50 және Парк көшесі, 143 мекен-жайының тұрғындарына сәл күте тұру керек. Өйткені онда сыртқы желілерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге тиісті мердігер компания өз міндеттерін аяқтамай отыр.

 Андрей Дубков, «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас инженері:
– Екіншісі 1-13 торабы бойынша орналасқан қаланың орталығындағы төртінші сорғы машинасы. Тұтынушылар онда жылуға қосылған, алайда штаттық жүйе бойынша емес.  

Баспаналары суып, күйлері кеткен тұрғындарды үйімізге жылу қашан келеді деген сұрақ мазалап жүр.  Энергетиктер үйлерге жылу беру науқанын 10 күннің ішінде аяқтаймыз деп отыр.

Әспет Әбдірешова