Билік

Үкімет отырысында “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы талқыланды

 

 

Үкімет отырысында сауда және экономикалық даму министрі Ерболат Досаев “Өңірлерді дамыту” бағдарламасына өзгертулер еңгізуді ұсынды. Ауқымды мемлекеттік бастамада негізінен бір салалы қалаларды дамыту жобасына толықтырулар енгізілмек. Баяндамашының пайымдауынша өркендету ісі екі деңгейде жүргізілуі тиіс. Алдымен экономикалық тұрғыда тұрақты әрі қарқынды өсіп келетін Алматы мен Астана қалаларында кешенді жобалар қалға алынбақшы. Оңтүстік астананы сауда-саттық, туристік, қаржы орталығына айналдыру көзделіп отыр. Ал Елорда озық үлгідегі технологиялардың мекеніне айналмақ. Келесі кезекте өндірісі өркен жайып келетін, халық көп шоғырланған Шымкент, Ақтөбе, Ақтау қалаларының беделін арттыру. Онда сәулет, қала құрылысы мен инфрақұрылымды жаңғырту жоспарланыпты. Жаңа жоба Үкіметтің қолдауын тапты. Селекторлық байланыс үзілген соң облыс әкімі Серік Біләлов аталмыш бағдарламаның өңіріміздегі жүзеге асу барысымен бөлісті. Қазір оның мүмкіндіктерін теріскейдегі 39 елді мекен  көруде. Бұл төңіректе қолға алынған 70 жобаның 63-ші жоспарға сай жүзеге асыпты.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Биыл “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында облысқа 46 млн теңге бөлінді.Бүгінде 35 млн теңгесі игерілді.
Жыл соңына дейін бұл бағытта қарастырылған қаржыны толықтай пайдаға асырып үлгеруіміз керек. Сондай-ақ биыл Саумалкөл мен Бескөл ауылдарында қазандықтарды салып бітіру керек. Ғ. Мүсірепов ауданының орталығы Новоишим елді мекенінің электр желілері  жаңартылып жатыр. Тым болмағанда нөлдік циклды орындағанымыз абзал болады. Әйтпесе келесі жылы тағы ақша күтеміз деп отырып қаламыз.  

Мемлекеттік жоба аясында өңіріміздің инженерлік инфрақұрылымын жандандыруға 960 млн теңге құйылған. Бүгінде оның 3/1 бөлігі ғана игерілген.

Жеңіс Ермұқанов