Құқық қорғау органдары

“Нелегал” шарасы басталды



 

Айта-айта жауыр болған мәселе. Шетелдіктерді тексерсең болғаны көбінің шекара асулары заңсыз. Тіпті кейбірінің жеке төлқұжаттары жоқ, көші-қон полициясында тіркелмеген. Бұдан соң Қазақстанда еңбек етуге рұқсат беретін қағаздары жайлы айтпасақ та болады. Десе де өңірімізге заңсыз аяқ басуларының басты себебі – азын-аулақ тиын-тебен үшін маусымдық табыс көзін іздеу. Орталық Азия елдерінің жалдамалы жұмысшыларының еңбек күші арзан бағаланатындықтан сұраныс молынан. Осылайша күн көрістің қамымен ҚР аумағында болу ережесін бұзған 84 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды. Әрекеттері көші-қон заңнамасына қайшы келген 51-ң елімізде уақытша болу мерзімдері қысқартылды. Сот шешімімен 6-ы шекарамыздан аластатылды. Оны елемеген Ресей азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бөтеннің мүлкіне қол сұқты деген күдікпен іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды. Бұл «Нелегал» жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінің қорытындысы. Рейд апта соңына дейін жалғасады.

Жеңіс Ермұқанов