Білім

Мамандығы – мақтанышы

 

 

«Білімнің басы – бейнет, түбі – зейнет». Бұл Людмила Соленконың өмірлік ұстанымы. 20 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық етіп, өз білгенін шәкірттеріне дарытуға жалықпаған мұғалім өзінің білімін ұдайы жетілдіріп отырады. Ағылшын тілін меңгеру – заман талабы дейді ол. Сондықтан оқушыларына қатал талап қояды. Нәтиже бар. Людмила Соленконың шәкірттері түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары атанған.

Людмила Соленко, «БЭСТ» гимназиясының  ағылшын тілі пәні мұғалімі:
– Мен жастайымнан тілдерді меңгеруге ерекше көңіл бөлетінмін. Сондықтан ағылшын тілін таңдадым.
Шет елдерде өз білімімді шыңдадым. Ең бастысы тәжірибе деп ойлаймын. Оқушыларым да әлемнің түкпір-түкпірінде қызмет етеді.

Людмила Соленко білікті ұстаз, сонымен қатар сенімді әріптес дейді мектеп ұжымы. Білім ошағындағы 100-ден астам мұғалімнің арасында сыйлы маман.

Айман Айкенова, «БЭСТ» гимназиясы  директорының орынбасары:
Людмила Соленко менің ұстазым. Сонымен қатар 20 жыл бойы бір ұжымда қызмет етеміз. Адамгершілігі өте мол, ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары. Ол адамды бәріміз сыйлаймыз.

Оқушылар да шет тілі пәніне келуге асығатын көрінеді. 45 минуттық сабақ таза ағылшын тілінде. Яғни оқушылардың білім деңгейі жоғары. Өйткені «БЭСТ» гимназиясында  халықаралық қатынас тілі 1 сыныптан бастап тереңдетіліп оқытылады.

Нұрсұлтан Бекмұрзаев, «БЭСТ гимназиясының» 10 сынып оқушысы:
Мен ағылшын тілінде еркін сөйлеймін. Мұғаліміміз сабақты қызықты өткізеді. Түрлі мәліметтер әзірлейді.

Нұрсұлтан өзінің болашақ мамандығын ағылшын тілімен байланыстырмақ. Ұстаз еңбегінің жемісі осы болса керек.

Инеш Шоқақова