Мәдениет

«Бояулар құпиясы» байқауы

 

 

«Бояулар құпиясы» байқауы үш күн бойына өтті. Онда өңір намысын Роман Радионов, Анастасия Касимова, Алина Макаровская мен Алиса Бутенко қорғаған. Роман Радионовтың «Шығыс натюрморты» деп аталатын туындысы графика аталымы бойынша гран-приге ие болған. 7 жылдан бері сурет салуға әуес жасөспірім осындай кең көлемдегі сайысқа бірінші рет қатысқан.

Роман Радионов, «Бояулар құпиясы» республикалық байқауының гран-при иегері:
Сайысты  Әбілхан Қастеев  атындағы көркемсурет мектебі өткізді. Мен өз жұмысымда кальян, жүзім, лимонды натюрмортқа бейнеледім. Осы суретім үшін гран-приге ие болдым. Шеберлік сыныптарын өткізген білікті сурешілермен жұмыс істеген ұнады.

Жас суретшілер арасында өткен сайысқа барлығы 80 оқушы қатысқан. Анастасия Касимова көркем сурет аталымында 2-орынға ие болыпты.

Анастасия Касимова, «Бояулар құпиясы» республикалық байқауының жүлдегері:
Мен мұндай жетістікке жетемін деп ойлаған жоқпын. Табиғат аясына шығып, онда гуашьпен айналаның көрінісін салдым. Мұндай жарыстарға алғаш рет қатысуым.

Көркемсурет аталымында Алина Макаровскаяның да туындысы екінші орынға лайық деп бағаланған.

Әспет Әбдірешова