Спорт

Петропавлда каратэ-додан облыстық турнир өтті


 

Спорттағы қандай да бір жетістік тынымсыз еңбек пен ұзақ жаттығулардың арқасында келеді. Мұны жақсы түсінетін   балалар осы кезден өз мүмкіндіктерін қалт жібермей, жақсы нәтижелер көрсетуге тырысуда. Каратэшілер арасында өткен турнирге 8 бен 11 жас аралығындағы спортшылар қатысты.

 Раис Ямалтдинов, жарыстың бас төрешісі:
– Біз «Жекпе-жек» деп аталатын дәстүрлі облыстық ашық турнир өткізіп жатырмыз. Дода соңғы 6 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл балаларды алда тұрған сайыстарға дайындауға жақсы мүмкіндік.

Спортшылар каратэнің ката, кумитэ және  командалық қабырға  деп аталатын түрлері бойынша сынға түсті. Алдымен каратешілер жекпе-жекке шықпас бұрын, бір-бірден негізгі жаттығуларды айна-қатесіз көрсетулері керек. Бұл додада Кирилл Джумаға тең келгендер болмады.

 Кирилл Джума, жарысқа қатысушы:
– Бұл жарыс аса қиын болған жоқ. Менің ендігі мақсатым –
алдағы турнирде де бірінші орынға ие болып, жеңімпаз атану.

Спортшылар дайындалып жатқан ашық турнир Петропавлда қазанның 6-7-сі күндері өтеді. Онда Қазақстан
және Ресей спортшыларының арасында өзара мықтылар анықталмақ.

Әспет Әбдірешова