Спорт

Оқушылар арасындағы спорттық жарыс



 

Мектеп оқушыларына арналған жарысқа 14-16 жас аралығындағы мыңға тарта бала қатысты. Басты мақсат – жасөспірімдердің қатуысымен болатын қылмыстың санын азайтып, жастарды спортқа баулу.

Жасұлан Смағұлов, қалалық прокуратураның бөлім бастығы:

– Алдағы уақытта аулалық клубтар құрғымыз келеді. Негізі  мұндай бұқаралық-спорттық шараларды мүмкіндігінше жиі ұйымдастыру қажет.

Сайыс 4 спорттық кезеңнен құралды.

Әлия Омарова, “Lex Nord” ҚБ төрайымы:

– Ер балалар 100 және 800 метрге, ал қыздар 60 және 400 метрге жүгіреді. Сосын ұзындыққа секіру мен эстафета. Соңғы екеуінде командалық есеп жүргізіледі.

Сайыс көңілді өтті. Оқушылар да көп жиналған екен. Мектеп намысын қолдан жібермеу үшін  жарыс жолына түскен балаларды сыныптастары қол соғып, демеп тұрды. 
Жеңімпаздарға мақтау қағазы мен кубок, сондай-ақ, 6, 4 және 3 мың теңге мөлшерінде спорт дүкеніне ақшалай сертификаттар берілді.

Данаш Хамзина