Балалар

Әскери институттағы ашық есік күні

 

 

 

Бексұлтан Салдауов үшін бұл күн өте қызықты өтті десе болады. Сыныптастарымен бірге келген Бексұлтанды қару-жарақ қатты қызықтырды. Өйткені ол да ер жеткен соң болашақта әскерге барып, ел тыныштығын қорғаймын дейді.Балалар әскери техниканы қызықтау мүмкіншілігін қалт жіберген жоқ. Олар БТР-дің іші-сыртын түгел қарап шықты, «КАМАЗ» және «УАЗ» көліктерінің рөліне отырып, қару-жарақтың түр-түрімен танысты. Оқушыларға сондай-ақ, далалық асхана, курсанттардың казармасы көрсетілді.
Ал спорттық алаңда нағыз ер жігіттердің шынығатын ауыр снарядтарын жасөсіпірімдер таласа көтерісті. Әскерилердің айтуынша мұндай шаралар жастарды патриоттық сезімге баулиды.Ашық есіктер күні ұйымдастырылып отырған республикалық әскери-патриоттық акция аясында суреттер көрмесі өтпек. Жеңімпаздарға сыйлық бар. Әскери институттың тыныс-тіршілігімен танысу үшін ашық есік  күніне 200-ден аса мектеп оқушысы келді.

 

Данаш Хамзина