Спорт

Велошабандоз Алексей Луценко – әлем чемпионы



 

Әуежайға спортшыны үлкен жеңісімен құттықтау үшін келгендер көп. Велошабандозды қарсы алуға Алексей Луценконың анасы мен жұбайы да келген.

Елена Луценко, Алексейдің анасы:
Мен ұлымды мақтан тұтамын. Міне баламды күтіп, қобалжып тұрмын.
Елена Луценко, Алексейдің жұбайы
:
Бұл Лешаның алғашқы жеңісі емес. Бас жүлдені жеңіп алатынына нық сенімді болдық.  

Республикалық додалардың бірнеше дүркін жеңімпазы биылғы әлем додасында топтық жарыста да алдына жан салмаған. Енді міне жерлесіміз Голландияда өткен дүбірлі додада мықты екенін көрсете білді. Алексей Франция мен Бельгияның спортшыларын артқа тастап, мәре сызығын бірінші болып кескен. Велошабондоз 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында 177,1 шақырымды 4 сағат 20 минут 15 секундта бағындырыпты.

Алексей Луценко, Әлем чемпионатының жеңімпазы:
Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу қиын.Жарыс біткен соң ғана жеңіске жеткенімді түсіндім. Содан бері 6 күн өтті. Әлі өзімді жарыс алаңында жүргендей сезінемін. Әйтеуір алға қойған мақсатыма жетіп жүрмін.  

Тартысты додада ел намысын қорғау үшін Қазақстаннан 6 спортшы атаныпты.

Виктор Потапов, Алексейдің жаттықтырушысы:
Алексей алған бетінен қайтпайтын жігіт және жеңілгенді ұнатпайды. Спортшылар жарыс алаңына шыққанда мен бір орында отыра алмадым. Іштей шәкіртімнің жеңіске жететініне сенімді едім. Бұл өңіріміздің ғана емес, еліміздің жеңісі.

Бұдан кейін спортшы дарынды балаларға арналған спорт-интернатта жас спортшылармен кездесіп, баспасөз конференциясын өткізді.

Гүлбану Ахметова