Қоғам

Петропавлға әулие Спиридонның сүйегі жеткізілді

 

 

Қазақстандағы митрополиттік аймақтың басшысы митрополит Александр бастап әкелген  әулиенің сүйегіне тағзым еткен халық шіркеуге таң атқаннан ағылды. Әулие Спиридонның сүйегі Солтүстік Қазақстан жеріне кеше кешкісін жеткізілген болатын. Үшінші ғасырдың соңында Кипр аралында дүниеге келген әулие Спиридон Тримифунтский өз заманында өте қайырымды жан болған. Әрдайым өзінің бар қаржысын кедей-кепшік пен мүсәпір жандар үшін жұмсаған.

 Астана және Қазақстан митрополиті Александр:
– Бүгін СҚО үшін үлкен рухани мереке. Орыс православ шіркеуі Мәскеу патриархы Кириллдің рұқсат етуімен Қазақстан бойынша әулие Спиридонның сүйегі саяхаттап жүр. Осы жер Қазақстан бойынша әулие сүйегі келген соңғы орын. Петр мен Павел сынды әулиелердің атындағы мекенде тұратын барша жұртшылықты осы елеулі оқиғамен құттықтаймын.

Православ дініндегілер Спиридон әулиенің рухы жер-дүниені кезіп, адамдарға жақсылық сыйлайды деп сенеді. Сондықтан діндардың рухына табынып, құлшылық етуге келген адамдар іштей өз тілектерін білдірді.

Наталья Белькова:
– Спиридон менің ең ғажайып сенуші әулием. Ол қарапайым малшы болған. Сол себепті де иконалардағы суреттерде оны бас киімімен бейнелейді. Ол өз заманында көп жақсылық жасаған.

– Мен әулиенің сүйегі салынған кобдишаға қолымды тигіздім. Одан отбасыма денсаулық тіледім. Енді өзімді өте қуанышты сезініп тұрмын.
-Мен әрқашан әулиелердің сүйегін  әкелгенде келіп отырамын.
Мұндайда әркімнің өзінің іштей тілегені бар.

Алматыға жөнелтілетін әулиенің сүйегі кейін қасиетті шіркеу орналасқан Корфу аралына жеткізіледі.

Әспет Әбдірешова