Қоғам

7 ардагердің есімдері Құрмет кітабына енгізілді

 

 

Облыстық ардагерлер кеңесінің бүгінгі жиыны Құрмет кітабына енген азаматтарға куәлік беруден басталды. Мұндай басылымды шығару шешімі 2012 жылдың шілде айында бекітілген. Оған өңірдегі ардагерлер қозғалысының дамуына сүбелі үлес қосқан таңдаулы азаматтар енді. Әзірге мұндай мәртебе 7 жерлесімізге бұйырды.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Ардагерлер кеңесінің қозғалысына 25 жыл толуына байланысты біз “Құрмет кітабын” шығарғанбыз да. Ол кісілер өңірімізде беделді, көп жұмыс істеген, танымал адамдар. Және ардагерлер қозғалысына көп еңбек сіңірген адамдар. Соларға бүгін сертификат бермекшіміз.

Осындай белсенді азаматтардың бірі – Оралбай Сағындықов. 7 жыл бойы Мағжан Жұмабаев ауданындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы болған азаматтың жемісті жұмысына бүгін лайықты баға беріліп отыр.

 Оралбай Сағындықов, Мағжан Жұмабаев ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Есептен шығып қалған ардагерлер көп қазір. Солардың бәрін түгендеп, соғыс ардагерлерін бәрін әлеуметтік есепке алып, жалғыз тұратындарға әлеуметтік қызметкерлерді бергізіп, осының барлығын қадағалап жүреміз.

Отырыста ардагерлер қозғалысының 25 жылдығына арналған қоғамдық мұражайлар байқауының қорытындысы да жарияланды. Бұл сында Ғ.Мүсірепов ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайы үздік деп танылды. Мәдениет ошағы 2010 жылы бой көтеріпті.

Наталья Ефремова, Ғ.Мүсірепов ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы:
Біздің мұражайда 3 мыңнан астам жәдігер бар. Оны тамашалауға келетіндердің қатары қалың. Ғ.Мүсіреповтың 110 жылдығына арналған жәдігерлер көрмесін ұйымдастырдық.  

Кездесуде ардагерлер ұйымдарының жұмысын одан әрі жақсарту жолдары жөнінде де әңгіме өрбіді. Сондай-ақ қарттар күнінде Петропавл мен облыс аудандарында өтетін шаралардың жоспары талқыға түсті.

Айдана Демесінова