Балалар

Студенттер мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасын талқылады

 

 

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің 1-2-ші курс студенттері дәріс оқуға келген қонақты мұқият тыңдап, оның айтқанын ойларына тоқып отыр. Мемлекеттік жастар саясаты концепциясының жобасы кейінгі толқын өкілдерінің зор қызығушылығын тудыруда. Жастар саясатына қатысты тың идеясы мен ұсыныстары бар кез-келген жас жобаға ой қоса алады дейді Дамир Рамазанов

Дамир Рамазанов, «Базис» ҚБ мүшесі:
-Байланыс телефондарымды, электронды адресімді қалдырдым. Дәл осындай кездесулер өзге де оқу орындарында өтті. Жастардың белсенділігі байқалып отыр.
Өйткені көпшілігі кездесуден кейін телефон шалып, өз ойларымен бөлісуде.

Кездесу барысында «Бизнестің жол картасы- 2020», «Жұмыспен қамту-2020» және мемлекетімізде жүзеге асып келетін өзге де бағдарламалар төңірегінде сөз өрбіді. Әсіресе, жуырда өңірімізде құрылған студенттердің еңбек биржасы ұйымының қызметі жайлы кеңінен айтылды.

Фарида Шәкенова, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:
-Бүгінгі жиын өте маңызды. Өйткені біздің елімізде студенттер үшін көп жағдайлар жасалады. Еңбек биржасы туралы өте көп ақпарат айтылған. Болашақта маған керек деп ойлаймын. Бұл ұйым көп студенттердің үміті.

Мұндай шаралар облыс орталығындағы барлық білім ордаларында ұйымдастырылуда. Ондағы мақсат – бәсекеге қабілетті, білімді, талапты қазақстандықтардың қатарын көбейту.

Айдана Демесінова