Қоғам

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Дүниежүзілік жүрек күні

 

 

Елімізде жүрек-қан тамыр айналымының бұзылуынан туындайтын аурулар бірінші орында тұр. Бірақ балалар бұл қауіпті дерт жөнінде біле бермейді. Көбіне аталмыш қатерлі кеселге аға буын өкілдері шалдығатыны мәлім. Десе де кез-келген дерттің белгілері жастық шақтан қалыптасады. Сондықтан төменгі буын оқушыларына  ауырып ем іздегеннен гөрі сырқаттанбаудың жолын тапқан жөн екендігі жиі айтылады. Халықаралық жүрек күнінде № 9 мектептің 3-ші сынып оқушыларына ашық сабақ өткізілді. Мақсат – балаларды салауатты өмір салтына тарту. Жеткіншектерге жеке гигиенаны, күн тәртібін сақтаудың, дұрыс тамақтанудың және таңертең жаттығу жасаудың маңыздылығы түсіндірілді. Балалардың ой өрісін кеңейтетін танымдық тақырып түсінікті болу үшін ойын түрінде өтті.

Наталья Канюк, СҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жанындағы темекіге қарсы орталықтың меңгерушісі:
– Өлім-жітімнің 70 пайызы жүрек-қан тамыр ауруларының үлесінде. Науқастардың 2-ден 3-і өздерінің дерті жайлы біле бермейді. Сондықтан иммундық жүйені жастайынан нығайту керек. Әсіресе жастарды зиянды әуестіктерден аулақ ұстаған жөн.
 

Тәрбие отбасынан басталады. Сондықтан ашық сабаққа оқушылардың ата-аналары да қатысты.

Наталья Мельникова:
Денсаулық – зор байлық. Оны сақтап қалу үшін өзіңді жақсылап күту керек. Қызымды би үйірмесіне жаздым. Кішкентайынан көп қимылдаған жөн деп санаймын. Бүгінгі сабақ өте орынды. Біз үйде, мектепте ұстаздар оқушыларды спортқа баулып, тазалыққа шақырып отыру керек.

 2000 жылдан адам ағзасының қозғаушы күші саналатын жүрек күнін әлем бойынша атап өту қолға алыныпты.

Жеңіс Ермұқанов