Мәдениет

«Данадан қалған рухани дүние»


 

Облыстық мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бастамасымен шығарылған Ғабең хаттарынан тұратын жинақ «Данадан қалған рухани дүние» деген атаумен жарық көрген. Бұдан бөлек, халықаралық «Абай» клубы жазушының «Ұлпан» жинағын қайта басып шығарған.
«Данадан қалған рухани дүние» жинағы үш бөлімнен тұрады. Кітапқа Ғабең жазған және оған жолданған хаттардың 166-сы еніпті. Оның 77-сі қазақ тілінде.

Ахметжан Қуантаев, СҚО мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлім бастығы:
– Ғабеңнің талай қырлары мен сырларын осы кітапты оқи отырып түсінуге болады. Оның әр түрлі мағыналы хаттары көп. Соның ішінде оның қайсарлығы, ұлтқа жанашырлығы, үкімет басшыларына, Сталинге, Голощекинге жазған «Бесеудің хаты.» Жазушы ретінде, жазушылар одағының басшысы ретінде қазақ әдебиетінің дамуына мол үлес қосқандығын өз жазғандары мен басқалардың жазғанынан оқып, түсінуге болады.

Шығармаларын зерделі сөзбен өрнектей білген жазушының әңгіме, пьесалары мен романдары әдебиет сүйер қауымның зор сүйіспеншілігіне бөленген. Әсіресе өскелең ұрпақ Ғабеңдей заңғар жазушының өшпестей мұраларын ықыласпен оқиды.

Карина Айтмағамбетова, қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:
Шығармаларын сүйсіне оқимын. Оның шығармаларының тәрбиелік мәні бар. Ана туралы шығармалары өте көп. Сол   шығармаларында аналарды құрметтеу, қадірлеу сияқты   тәрбие  береді.

«Данадан қалған рухани дүние» жинағы 200 данамен жарық көріпті.

Әспет Әбдірешова