Қоғам

«Даму» қорының кәсіпкерлерге арналған семинары

 

 

Жыл басынан осындай кеңестерді 500 адам тыңдаған екен. Мамандардың айтуынша, экспресс-курсқа қатысқан тыңдаушылардың бүгінде 5 пайызы өз кәсібін ашып үлгеріпті.  

 

Наталья Чорба, “Все будет хорошо” газетінің тілшісі:

 

– Мақалада оқырманға ақпаратты түсінікті етіп жазу үшін ең алдымен өзіме мәлімет қажет. Алдағы уақытта жеке кәсібімді ашып қалуым да мүмкін. Сол себептен, бұл кеңес көптік етпейді.

“Даму” қоры мұндай семинарларды 2009 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Мамандар жүргізген сараптаманың нәтижесінде барлық тыңдаушылардың 5 пайызы тәуекел деп өз ісін дөңгелеткені анықталған. Яғни, қор қызметкерлерінің еңбегі зая кетіп жатқан жоқ.

Ирина Васильева, “Сила” тренингтік орталығының бизнес-тренері:

– Өткен аптада Айыртау ауданындағы Саумалкөл селосына барып келдік. Біздің кеңесімізді тыңдаған бір әйел кәсібін ашқан. Ісі алға жылжуда. Ол мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске осылай қолдау көрсетілетініне ризашылығын білдіруде.

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының жыл басынан бері ұйымдастырған семинар-кеңестеріне 500 тыңдаушы қатысыпты.

Данаш Хамзина