ТКШ

Жылу берушілер жөндеу жұмыстарын жалғастыруда

 

 

 

Қыркүйектің ортасынан бастап қаладағы бірқатар көпқабатты үйлердің тұрғындары ыстық су ағынының күрт төмендегенін аңғарған. Тіпті кейде су тек тамшылап ағатын көрінеді.

 

Су құбырларындағы қысымының төмендеуіне   4-насос  стансасындағы жөндеу жұмыстары себеп. Алтынсарин және Алматы көшелерінің қиылысында жылу магистральдерінің диаметрлерін кеңейту қолға алынған.

 Андрей Дубков,  «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС бас инженері:
– УН -1-13 торабы облыс орталығындағы 5 басты магистраль бойынша жылу таратады. Жөндеу жұмыстары уақытында соның 3-уін тоқтаттық. Инвестициялық бағдарлама бойынша оларды қалпы келтірмекпіз.

Ол үшін 40 млн теңгедей қаражат жұмсалмақ. Қажетті техника мен жұмыс күші жеткілікті.

Андрей Дубков,  «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС бас инженері:
– Жұмыс демалыс күндері де жүргізілуде. Құбырлардың диаметрлерін ұлғайту – су мөлшері мен жылу қуатының жоғарылауына септеспек. Сондай-ақ апаттық жағдайлар да азаймақ.

Жұмыс учаскесі шағын. Сондықтан жаңа жылыту маусымына дейін барлық істі еңсеру жоспарланған.

Инеш Шоқақова