Денсаулық сақтау

Травматология және ортопедия саласындағы жаңа емдеу әдістері


 

Тізе буынындағы шеміршек еттері мен сіңірлері үзілген науқасқа артроскопиялық ота жасалып жатыр. Бұрын ол үшін тізені ашу қажет болатын. Енді арнайы эндоскопиялық құрылғылардың көмегімен операцияны теріні кеспей-ақ жасау мүмкіндігі туды. Бейнекамера орнатылған арнайы аппаратура көріністі 8 есе ұлғайтады. Дәл осы заманауи қондырғылардың арқасында мастер-кластарға қатысушылар астаналық дәрігерлердің ота жасау үрдісін он-лайн режимінде көре алады.

Қуаныш Байкөбесов, № 7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының травматолог-дәрігері:
Мұндай мастер-кластар жиі өткізілсе дейміз. Кейінгі уақытта телемост арқылы өзіміздің бөлімшеде отырып-ақ көреміз деген ойдамыз.  

Жергілікті 3-ші қалалық аурухананың травматология және ортопедия бөлімшесінің құрылғанына 40 жыл. Мұнда білікті мамандар қызмет етуде дейді еліміздің бас сынықшысы Нұрлан Батпенов. Сондықтан 200-ге жуық адам қатысатын жиынның Петропавлда өткізілуі кездейсоқ емес. Бұл өңірімізде соңғы 20 жылдан бері ұйымдастырылмаған конференция.

Нұрлан Батпенов, ҚР ДМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК директоры:
– Ғылыми-зерттеу институты болған соң, өзіміздің ойлап тапқан протезымыз бар.Елімізде 400 адамға салынды. Петропавлда бүгін 1 науқасқа ота жасап, сол протезды салмақпыз.

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан жарақат алған тұрғындарға медициналық көмек көрсету, одан қалды ортопедия және жарақаттарды емдеу кезінде инновациялық технологияларды қолдануға үйрету – 2 күнге жалғасатын ғылыми-практикалық конференцияның басты мақсаты осы.

Инеш Шоқақова