Мәдениет

Көңілді тапқырлар фестивалі


 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогын иелену үшін 7 команда сынға түсті. Оның үшеуі өңіріміздің намысын қорғаса, қалған төртеуі Астана, Павлодар және Көкшетау қалаларынан келген құрамалар. Бұл жолғы көңілділер мен тапқырлар сайысы 2 бөлімнен тұрды. Біріншісі сәлемдесу болса, екіншісі «жан бату» деп аталды.

Ерлік Мұхамеджанов, «Қызылжар жастары» ЖҚБ төрағасы:
«Жан бату дегеніміз, яғни биатлон әр құрама 2 әзілден оқиды. Мысалы 7 құрама тұр. 2 әзілден оқиды. Әділқазылар алқасының шешімімен ең нашар деген құрама 0,4 балл активпен жарыстан шығады. Сосын қалған 6 құрама тағы 2 әзілден оқиды. Сөйтіп ең соңғы құрама 1 баллға ие болады.

Астаналық «Елорда» құрамасы Петропавлда бірінші рет өнер көрсетіп тұрған жоқ. Жергілікті жастардың тыныс-тіршілігін жақсы білгендіктен, біздің қаламыз жайлы әзілдер шығару оларға еш қиындық туғызбаған көрінеді. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогына қол жеткізу үшін жақсы дайындалдық дейді астаналықтар.

Ерлан Әубәкіров, «Елорда» құрамасының капитаны, Астана қаласы:
-Командалардан ең мықты дайындық – Павлодар қаласы «Думан» және де «Үш жүз» Көкшетау.
Біздің команда да жақсы дайындалдық. Әзілдерді өзіміз құрастырып алдық балалармен.

9 жасар Тасқын Қайыр көңілділер мен тапқырлар клубының мүшелегіне жақында ғана кірген. Әзілге деген, осындай сайыстарға деген қызығушылықтың оянуына ағам себеп болды дейді оқушы.

Тасқын Қайыр, «Мағжан жастары» құрамасының ойыншысы:
Менің армандағаным орындалды. Мен «Мағжан жастары» 1-орын алады деген ойдамын. Барлық адамдардың көңілінен шығады деп ойлаймын. Менің ағам КВН-щик. Соған қарап қызығып, мені де қатыстырып отыр.  

Республикалық КВН фестивалі жиылған қауымның көңілінен шықты.

КВН-да маған ұнағаны «Мағжан жастары». Одан басқа Көкшетаудан келген «Үш жүз» командасы жақсы ойнады .
КВН ұнады. Әзілдері жақсы. Барлығы жақсы. Ұнады.

 

Айдана Демесінова