Мәдениет

Президент оркестрінің концерті



 

Концерттің басталуына санаулы минуттар қалды. Сахнаға шығар алдында әрбір өнер адамы өзінің музыкалық аспабын мұқият дайындайды. Өйткені көрермендердің алдында туынды асқан шеберлікпен және кәсіби тұрғыда орындалуы керек. Бұл кезде концертке жиылған жұртшылық меймандардың сахнаға шығуын тағатсыздана күтуде.

Біз бүгін классикалық музыка тыңдауға келдік. Кеш жақсы өтеді деген сенімдеміз
Үнемі театрға келуге тырысамыз. Театр – бұл тамаша демалыс орны.

Халықаралық және ұлттық музыкалық конкурстардың лауреаты скрипкашы Гернот  Франция, Германия, Венгрия, Италия, Португалия сахналарында өнер көрсетеді екен. Қазақстанға да жиі ат басын бұратын мейман Петропавл халқының алдында бірінші рет өнер көрсетуде.

 Гернот Винишхофер, скрипкашы, Вена консерваториясының профессоры:
– Жиналған қауымның ықыласы өте жақсы, мені жақсы қабылдады. Әрбір сахнаға шыққан сайын қобалжу болады. Дегенмен одан көп тәжірибе жинаймыз.

Концерт барысында әлемге аты танылған композиторлардың белгілі шығармалары орындалды. Солтүстік Қазақстан өлкесінен шабыт алған белгілі өнер иесі ендігі кезекте Атырау жұртшылығын қуантпақ.

Әспет Әбдірешова