Балалар

«Жас Отан» караоке байқауын ұйымдастырды

 

Аталмыш шара Қазақстан Республикасының тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған. Ерекше сайысқа қатысушылардың басты міндеті – караокемен қазақша әндерді орындау арқылы мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу.

Мұса Танақұлов, «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
– Бүгінгі іс-шараның мақсаты – ол біздің мемлекеттік тілді құрметтеу. Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Бізге мемлекеттік тілді тілу қажет.

Байқауға қатысушылар өздері қалаған әнді орындап, өзгелерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  студенті Айзада Рахметова да бұл байқауға қатысу арқылы өзінің нағыз тіл жанашыры екенін көрсетті. Бүгін ол жалын мен жігерге толы “Армандастар” әнін орындауды жөн деп шешкен.

 Айзада Рахметова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Біз осылай жиналып патриоттық әндерді айтып жатырмыз. «Жас Отан» ЖҚ, «Студенттер Альянсы» және тағы басқа жастар ұйымдары жиналып, осындай жақсы көңіл-күйде уақытты өткізіп жатырмыз. Барлық қазақстандықтарды
тілдер күнімен құттықтаймын.

Шараға тек жастар ғана емес, аға буын өкілдері де атсалысты. Байқауға қатысып, ән айтуда өз мүмкіндіктерін сынаған әрбір жанға сыйлықтар тарту етілді.

Әспет Әбдірешова