Kurultai banner mobile

Спорт

«Қызылжардың» кезекті ойыны сәтті аяқталды

 

 

Қос құраманың ойыншылары жасыл алаңға ерекше жігерленіп шықты. Себебі бұл кездесуде «Қызылжар» құрамасына турнирлік кестеде алға жылжу үшін ұпай жинау керек болса, «Іле-сәулет» командасының алдындағы міндет – бірінші орынды сақтап қалу. Қарсылас командалар кездесуді бірден тегеурінді шабуылдардан бастады.
Дегенмен бұл кездесуде жергілікті «Қызылжар» командасының қақпасына доп дарыту мүмкін болмады. Себебі «Іле-сәулет» құрамасының әрбір шабуылына жерлестеріміз тойтарыс беріп отырды. Матчтың бірінші таймында командалар есеп айырыспағанымен, екінші таймның 48-ші минутында «Қызылжар» құрамасының жартылай қорғаушысы Евгений Романов қарсылас қақпасына алғашқы голды соқты. Ал қонақтардың қақпасына дарыған екінші доп – «Іле-сәулет» құрамасының   абайсызда өздеріне қарай бағыттаған автогол болды. Осылайша, ойын 2:0 есебімен «Қызылжардың» пайдасына шешілді. Келесі ойын қыркүйектің 25-інде өтетін болады. Онда жергілікті команда Аламытының «Қайрат-Академиясымен» кездеспек.

Әспет Әбдірешова