Білім

Тілдер апталығы өтіп жатыр

Балалармен жұмыс істеу ерекше ізденіс пен жауапкершілікті талап етеді. Мұғалімнің міндеті – сабақты танымды әрі қызықты етіп өткізу. Сондықтан Виктория Попова үнемі ізденіс үстінде. Оның балабақшада қызмет ете бастағанына 2 жыл. Виктория – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің түлегі. Бар білімімді осы білім ошағынан алдым дейді ол.

Виктория Попова, № 26 мектеп-балабақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі:
– Мен қазақ тілін университет қабырғасында үйрендім. Маған өте ұнайды. Жұмысым да қызықты.

Виктория Попова қазақ тіліндегі түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Мемлекеттік тілді меңгерудегі өз тәжірибесін енді сабақтар барысында қолдануда. Сондықтан балалар ұстаздың үйреткенін бірден ұғып алады. «Қазақ тілін білу – әр азаматтың міндеті», – дейді Виктория. Оны балабақшадан бастап оқыту, бүлдіршіндердің тілді тез меңгеруіне септігін тигізбек. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемесінде түрлі шаралар ұйымдастырылады.

– Тілдер апталығы өтуде. Түрлі шаралар ұйымдастырдық. Әр баланың қатысуына көңіл бөлеміз.

Сурет салынды, би биленді, өлең айтылып, ойын ойналды. Бүгінгі сабақ осымен тәмам. Келесі күннің тақырыбы басқа.

Инеш Шоқақова