Құқық қорғау органдары

Облыс прокурорлары аттестаттаудан өтті

 

 

 

3 ай бойы құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Бірнеше кезеңге бөлінген мұндай ауқымды шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Сондықтан оны тапсырушыларға қойылар талап қатал. Прокуратура қызметкерлері ҚР-ның заңнамаларын білу, логикалық ойлау қабілеті мен психологиялық орнықтылықты тексеруге негізделген сынақтарды тапсырулары тиіс болатын. Бұдан соң аттестаттау комиссиясының алдында қызметкерлермен әңгімелесу өткізілді. Жалпы қорытынды жаман емес дейді облыстық прокуратура қызметкерлері.

Жанар Ақмағамбетова, СҚО прокуратурасының баспасөз хатшысы:
– СҚО прокуратурасының 25 қызметкері Орталық аттестаттау комиссиясының тексерісінен өтуі тиіс болатын. Олар «он-лайн» режимінде кезектен тыс аттестаттаудың барлық кезеңінен өтті. Әңгімелесу қорытындысы бойынша 2 қызметкер жоғары лауазымға аттестатталды. Тағы екеуі, керісінше, төмендетілді.

Ал тамыздың 21-нен өңірлік аттестаттау комиссиясына облыстық прокуратураның 122 жедел қызметкері сынақ тапсырды. Олардың ішіне біліктіліктерін қала, аудан прокурорлары, мамандандырылған прокурорлардың көмекшілері мен орынбасарлары және облыс прокуратурасы басқармасының прокурорлары тексерген. Компьютерлік тестілеудің орташа көрсеткіші – 92 ұпай.

Гүлхан Қадыралина, ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің СҚО бойынша басқармасының аға прокуроры:
– Облыс прокурорының төрағалығымен өткен әңгімелесу қорытындысы бойынша 117 қызметкер атқаратын лауазымына лайық деп танылды. 7 қызметкер немесе 6 пайызы жоғары тұрған лауазымдарға ұсынылды. Біреуі лауазымынан төмендетуге ұсынылды.

Сондай-ақ 4 қызметкер лауазымына сәйкес емес деп танылып, прокуратура органдарынан босатылмақ. Жалпы аттестаттау кезінде облыстық прокуратура қызметкерлерінің көрсеткен нәтижесі көңіл көншітеді дейді осы сала ардагерлері.

Инеш Шоқақова