ТКШ

ПИК төрағалары білімдерін толықтырды

 

 

Облыс орталығында 500-ге жуық жеке пәтер иелерінің кооперативтері тіркелген. Аталған ұйымдардың төрағалары жиі ауысып тұрады дейді мамандар. Сол себептен жаңадан келген жетекші үшін мұндай семинардың берері мол. Жиында тұрғын үй қорын басқарудағы істе бағыт-бағдар көрсетіліп, жетілдіру амалдары талқыланды. Әсіресе, осы күні барша көпқабатты баспана иелерінің “Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын” жаңғырту бағдарламасына деген қызығушылықтары артқан. Бұл жерде жөндеудің басы-қасында осы төрағалар жүруі тиіс. Геннадий Гусельников жеке пәтер иелері кооперативін 8 жыл қатарынан басқарып келеді. Яғни, баспананы күтіп-ұстауда әжептәуір тәжірибесі бар. Бүгін әріпестеріне өз білгенімен бөлісу үшін келіпті.

Геннадий Гусельников, “Гоголь көшесі, 19” ТК төрағасы:

– Бізге қосымша мәлімет міндетті түрде қажет. Өйткені  қазір түрлі бағдарламалар бар. Біз олардың бәрін біле бермейміз. Сол себептен, осындай кеңестерде біраз мәселенің шешімі табылады.

Бірқатар баспаналарда борышкерлер мәселесі өзекті. Коммуналдық төлемдер мен көпқабатты үйді күтіп-баптауға қажетті қаржыны бергісі келмейтіндер жетіп артылады. Сондықтан  жиында тұрғындармен өзара түсіністік табу амалдары да қарастырылды.

Надежда Куминова,  “Автобусник” ТҚК төрайымы:

– Біз “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1 млн теңге несие алған болатынбыз. Бұл қаражатқа Победа көшесі, 14 мекенжайындағы үйдің қабырғаларын сырлап, шатырын жөндедік. Енді, жылыту жүйесін ауыстыруға тағы несие алу үшін тұрғындардың келісімі қажет.

Сондай-ақ, жиынға қатысушыларға тұрғын үйге қатысты заңнамалардағы өзгерістер мен мемлекеттен көмек алу жайы таныстырылды. Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы ұйымдастырған семинар барысында 120 төрағаның білімін жетілдіру қарастырылыпты.

Данаш Хамзина