Білім

Қазақ тілін тегін оқыту курстары

Мемлекеттік тілді тегін оқыту курстары 2010 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін өңірде ақысыз түрде қазақ тілін 700 адам меңгеріп шығыпты. Бәрі де әр саланың қызметкерлері. Биыл ақпан айында қазақ тілін үйренгісі келетіндерден 180 өтініш түскен болатын.

Дәріс тыңдаушылар 8 ай бойы қазақ тілін үздіксіз меңгерді.

 Валентина Явкина, тыңдаушы:
– Мен қазақ тіліндегі сөздердің біразын біліп алдым. Және қатесіз жазуға тырысудамын. Мемлекеттік тілді жетік меңгеріп алғаным өзіме жақсы. Осында тұрып жатқан әр ұлттың өкілі қазақ тілін білу қажет деп ойлаймын.

Қазақ тілін оқыту курстарында 6 білікті маман сабақ береді. Тыңдаушылар аптасына бес рет 9-дан кешкі 8-ге дейін электрондық жүйе негізінде білім алады. Кезекті ашық сабақ барысында тіл меңгерушілер іс қағаздарында жиі кездесетін өтініш пен арыздарды мемлекеттік тілде жазып көруге тырысты.

Гүлнәра Тайсюганова, “Ғарасат” оқу орталығы директорының орынбасары, Астана қаласы:
-Жас мөлшеріне қарамай, оның діни ұстаныма қарамай, мамандыққа да қарамастан оларды қабылдап оқыту. Оларды мәжбүрдеп, шара қолданып үйретпеу. Конституцияда жазылғандай, әрбірі пәнді өздері таңдауы керек.  

Тілді меңгеру барысында курстарға қатысушылар ай сайын емтихан тапсырып отырады. Оның нәтижесі бойынша бастауыш, жалғастырушы, жетілдіруші 3 топ жасақталады. Ал сыннан өте алмағандарға екінші мүмкіндік қарастырылыпты.

Гүлнәра Тайсюганова, “Ғарасат” оқу орталығы директорының орнбасары, Астана қаласы:
-Сабаққа келген тыңдаушыларды тек оқытып қана қоймай психологиялық тұрғыда жұмыс жасаймыз. Біз аралық бақылау өткіземіз, тест ретінде, сонда ай сайын 8 тестілеуден өтеді.  

Курстарды толық тыңдап, тиісті сынақтардан сүрінбей өткендер сертификатқа ие болады. Және өз біліміне нық сенімді азаматтар бұдан соң аудармашы, іс қағаздарын жүргізуші, хатшы қызметтеріне жұмысқа тұра алады.

 

Гүлбану Ахметова