Білім

Өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруге зор ынта танытып отыр

 

 

Зоя Золотарева №8 эстетикалық тәрбие беру мектеп-кешенінде орта буын оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Қазір оның 6 сынып оқушыларымен кезекті сабағы өтуде. Мұғалімінің айтқанын ұғып алуға тырысатын оқушылардың қазақ тілін оқуға деген ынталары зор.

 Карина Кенжибаева, №8  эстетикалық тәрбие беру мектеп-кешенінің оқушысы:
– Зоя Евгеньевна бізге екінші жыл қазақ тілінен сабақ береді. Оның сабақтары өте қызықты өтеді. Зоя Евгеньевна – өте жақсы, мейірімді адам. Ол маған мұғалім ретінде ұнайды.

Зоя Золотареваның мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығы мектепте оқып жүрген кезінен-ақ оянған. Қазақстанда тұрғаннан кейін әр азамат қазақ тілін оқып-үйренуге тырысуы керек дейді жас ұстаз. Өзге ұлт өкілі болғанына қамастан, Зоя Золотарева балаларға қазақ тілін үйретуге бар білімі мен білігін көрсетуге тырысады дейді әріптестері. Бүгінде мектепте 960-тан астам оқушы бар. Оның ішінде 3 сыныптың оқушылары қазақ тілінде білім алады.

Әспет Әбдірешова