Мәдениет

Мұхтар Әуезовті еске алуға арналған әдеби кеш

 

М.Әуезов қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған қаламгерлердің бірі. Ғұлама жазушы қазақ драматургиясының негізін қалап, қазақтың ұлттық театрын ашуға атсалысты. Жазушының туындылары елімізге ғана емес, шетелде де танылып, үлкен сұранысқа ие болды. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылыпты. Кешке жиылғандар М.Әуезовтың сан-қырлы талантын сөз етті. Жиылған жұрт әсіресе, жазушы, журналист Ожан Қалидің әңгімесін ұйып тыңдады. Өйткені жерлесіміз Мұхтар Әуезовпен кездесіп, оның дәрісіне қатысқан екен.

 Ожан Қали, жазушы, ҚР журналистер одағының мүшесі:
-М.Әуезов менің өміріме әрине үлкен ой салды.
Оқып жүргенде де бірнеше конференциясына қатысып, оның творчестволық жұмыстары жөнінде баяндама да жасадық. Оның көптеген кітаптары болды. Солардың барлығын оқып, үйреніп өстік. Ол кейін де бізге үлен әсер қалдырды, әсіресе журналистика жұмысымен айналысқанда.

Мұхтар Әуезовтың өмір жолы, шығармашылығы Зарина Ғазизованың зор қызығушылығын тудырған. 5 сыныптың оқушысы өзіне қажетті мәліметті дәптеріне түйіп отырды. Зарина да болашақта Мұхтар Әуезовтың жолын қуып, жазушы болуды армандайды екен.

Зарина Ғазизова, қалалық классикалық гимназияның 5 сынып оқушысы:
-Бізге М.Әуезов туралы айтқан.
Өзі қай повестерді жазған. Мен тыңдағанда жаздым, себебі, маған қызықты ол туралы. Мысалы, бізге ертең Мұхтар Әуезов туралы шығарма жазыңдар десе, еске түсіріп жазамын.  

Кеш қонақтары «Кемеңгер келбеті» атты кітап көрмесін де тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

 
Айдана Демесінова