Қоғам

Қаржы полициясындағы «Ашық есік» күні



 

Қазақстан 2010 жылы жемқорлық белең алған елдер рейтингісінде 105-ші орынға дейін көтерілген. 2008 жылы бұдан 40 сатыға төмен болатын. Яғни, жемқорлық індеті мемлекеттегі ең өзекті мәселелердің біріне айналған. Сондықтан қаржы полицейлеріне артылған жауапкершілік мол. Олардың күнделікті жұмысымен студенттер де таныса алды. Оларға лауазымды тұлғалардың пара алып жатқанда түсірілген бейнежазбалары көрсетіліп, қоғамдық маңызға ие болған қылмыстық істер мысалға келтірілді. Акцияның болашақ заңгерлер үшін танымды болғаны анық.

  Жанайдар Тобылбаев, СҚУ колледжінің 3-курс студенті:
– Мен СҚУ колледжінде заңгер мамандығын меңгеріп жүрмін. Өзім үшін таңдаған мамандығым өте қызықты. Биыл соңғы курс болған соң, жұмысқа орналасу жағын да ойлап жүрмін.

Жанайдар Тобылбаев болашақта құқық қорғау органдарында қызмет еткім келеді дейді. Сондықтан «Ашық есік» күнінің ұйымдастырылғанына қуанышты. Жалпы мұндай іс-шара республика бойынша өткізілген.

Нұрлан Жахин, СҚО ЭҚСЖД баспасөз хатшысы:
– Жиыннан соң әркім өзін қызықтырған сауалдарға мамандардан жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Тегін кеңес берілді.

Қаржы полициясындағы келесі “Ашық есік” күні 3 желтоқсанға жоспарланған.

Инеш Шоқақова