Қайырымдылық

Петропавлда қайырымдылық сенбілігі күні 10 млн теңгедей қаржы жиналды

Бірінші қалалық аурухананың қызметкерлері айыр, күрек, тырмауышпен қаруланып, өздеріне бекітілген ауланы жинастыруға білек сыбана кіріскен. Бұл жерде жұмыс таңғы 9-дан басталды. Аз уақыттың ішінде аурухананың 100-ден астам қызметкері ауланы қоқыстан тазартып, ағаш түптерін ағартып шықты. Ольга Маматова ауруханада санитар болып қызмет етуде. Қарттар күніне орай ұйымдастырылған сенбілікке қатысып, өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын дейді ол.

 Ольга Маматова, 1-ші қалалық аурухананың санитары:
– Біз апта сайын тазалық бейсенбілігін өткіземіз. Ауламызды жинап, көшеге түскен ағаштың жапырақтарын сыпырамыз. Бұл сенбілік қарттар күніне арналғандықтан, осы шарада жиналған қаржы қариялардың керек-жарағына жұмсалады. Сондықтан да аз да болсын, қол ұшымызды берудеміз.

Бұл күні қаладағы барлық мекеменің қызметкерлері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бәрі де сенбілікке атсалысуда. Қайырымдылық шарасынан мұғалімдер мен оқушылар да бейтарап қалмады. № 20 орта мектептің шәкірттері білім ошағының ауласын жинастырды. №10 орта мектептің оқушылары да қолдарына сыпырғыш алып, сенбілікке шықты.

– Мен қаламның таза болғанын қалаймын. Сондықтан да мектептің маңайын қоқыстан тазартуға өз үлесімді қосудамын.
– Мұндай қайырымдылық шарасына бәрі қатысып отыр. Меніңше өңіріміздің мұнтаздай болуын баршасы қалайды.

Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қайрымдылық шарасы аясында өздеріне бекітілген Астана көшесінен «Бахыт» жанар-жағармай құю стансасына дейінгі аумақты түрлі қоқыстан арылтып, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

  Саян Баянов, Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы:
– Сенбілік жыл сайын өтетін шаралардың бірі. Қаламыздың тазалығын сақтауға арналған. Ұжымызбен шығып, қаланы көркейтуге үлес қосудамыз.

Осылайша қарттар күніне орай ұйымдастырылған сенбілікке петропавлдықтар бір адамдай қатысып, туған қаланы көріктендіруге өз үлестерін қосты. Сенбіліктен түскен қаржыны қарттар мен мүгедектерге көмек көрсетуге жұмсау көзделіп отыр.

Гүлбану Ахметова