Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық ауруханада жаңа қондырғылар көбейіп келеді

 

 

 

 

Плазмалық стерилизатор құрылғысына денсаулық сақтау мекемесі 1 ай бұрын қол жеткізген. Ол ота құрылғыларын зарарсыздандыруға аз уақыт жұмсауға мүмкіндік береді. Мұндай жолмен өңделген пышақ пен өзге де жарақты зарарсыздандырылған күйде жарты жылға дейін сақтауға болады.

Бибігүл Жұмабаева, облыстық аурухананың аға мейірбикесі:
– Қондырғының екі режимі бар. 1-ші- қарапайым құралдар, ал 2-шісі – жасалуы біршама қиын құрылғыларға арналған. Мына индикаторлар стерилизацияға дейін қызғылт болса, кейін көк түске боялады.

Облыстық аурухана жыл сайын заман талабына сай соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Қазіргі таңда мұнда 5 эндоскопиялық кешен бар. Биыл олардың қатарын толықтыру көзделіп отыр.

Юрий Белоног, облыстық аурухананың бас дәрігері:
– Жаңадан алынған плазмалық стерилизатордың құны – 18 млн теңге. Оны өз қаражатымызға алып отырмыз. Дәл қазір мұндай құрылғы республика бойынша тек біздің өңірде бар. Медициналық персоналдың орташа жалақысы 80 мың теңге. Ал дәрігерлерде 160 мыңнан артық.

Мекемеде 640 маман қызмет етуде. Барлығы 14 бөлімше. Неврология және гемодиализ бөлімшесі 20 орынға шақталған. Мұнда бүйрек ауруына шалдыққандар ем қабылдауда. Ирина Шкадько осында 2 жыл бойы түрлі емшаралардан өтіп келеді.

Ирина Шкадько:
– Мұнда барлық құрылғылар жаңа. Күнара емшараларға келіп, 3-4 сағаттай ем қабылдаймын. Өте көмектеседі. Қызметкерлер де жақсы қарайды.

Бөлімшеде жылына барлығы осындай 2000-нан астам сеанс өтеді.

Инеш Шоқақова