ТКШ

«ТКШ жаңғырту» бағдарламасы бойынша бірыңғай телефон желісі



 

Петропавл қаласында дәл қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша 19 пәтер жөндеуден өтуде. Осы кезге дейін аталмыш жоба аясында облыс орталығының 46 көпқабатты тұрғын үйі шатырларын ауыстырып, жылу есептегіш құралдарын орнатты, подъездерін жаңартып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Енді жаңа ашылған Call- орталықтың көмегімен аталмыш бағдарлама бойынша қосымша кеңес беріледі.

 Сергей Худяков, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы” АҚ СҚ филиалының директоры:
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасының аясында Астанада Саll-орталық ашылды. Бұл Қазақстан Республиканың барлық азаматтарына кеңес беретін орталық. Яғни кез-келген өңірден 8 800 080 00 12 номеріне хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін. Жұмыс уақыты кезінде екі оператор бағдарламаға қатысты, жөндеу жұмыстарына байланысты сұрақтарға жауап беріп, түсіндіреді.  

Бағдарламаға қатысты сұрақтары болса, солтүстікқазақстандықтар оны жеке түрде жолдай алады. Call-орталық Жамбыл көшесі, 152 мекен-жайында жұмыс істейді.

 Сергей Худяков, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы” АҚ СҚ филиалының директоры:
– Қосымша түрде бізде дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері күндізгі сағат үштен кешкі алтыға дейін кеңесші жұмыс істейді. Кеңес алуға жүгінетін адамдар өте көп. Оларды үй  жөндеу, бағдарламаға қатысуға өтініш білдіру, жеке пәтер иелерінің үстінен шағым сынды мәселелер жиі толғандырады.

Үстіміздегі жылы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 812 млн теңге бөлінген.

Әспет Әбдірешова